ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ

0
19

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ. ЖИНАЛЫСҚА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ ПЕН Қ. НҰРАЛЫ, АППАРАТ БАСШЫСЫ А. СИСЕНОВ, АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ А. ҚҰЛМҰХАНОВ ҚАТЫСТЫ.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмұханов, аудандағы жолдардың жай-күйін баяндады. Жиналыс соңында аудан әкімі аталған мәселелер бойынша аудандағы маңызы бар автомобиль жұмыстарының сапасын арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді, басталған жобаларды уақытылы аяқтауды, Тасқопа ауылдық округіндегі жолды асфальттау жұмыстарын ерекше бақылауға алуды, Кеңесту ауылдық округі, Қопа ауылындағы Мектеп көшесіне асфальт төсеу, Кеңқияқ ауылында жүргізіліп жатқан асфальттау жұмыстарын аяқтауды, қыс мезгілінде жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша тендерді ұтып алған мердігерлердің жұмысын бақылауға алуды тапсырды. Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.