ШАҒЫН ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ

0
49

Жақында, аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде, шағын футболдан Темір ауданының мекеме-кәсіпорындары арасында ұйымдастырылған шағын футболдан жарыс өтті. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі С. Аманбаев қатысып, барлық команда мүшелерін құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарысқа 8 ұжым және мекеме, соның ішінде аудан басшысы С.Аманбаев бастаған аудан әкімдігі командасы да қатысып, белсенді ойын өрнегін көрсетті. Шара соңында аудан әкімі, ауданымыздың бұқаралық спортының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін, мекеме-кәсіпорын қызметкерлерін арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.