ОКРУГ ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ТЕМІР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ 9 АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМДЕРІМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ. ЖИНАЛЫСТА 2023 ЖЫЛҒЫ АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНЫП, МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒЫНАН ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ТӨМЕН КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ИЕ БОЛҒАН ОКРУГТЕРДІҢ АТТАРЫ АТАЛДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, ЖИНАЛЫСТА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ДЕ ҚАРАЛДЫ. ӘСІРЕСЕ, ЖОЛДЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ТЕНДЕРЛЕРДІ ҰТЫП АЛҒАН МЕРДІГЕРЛЕРДІ БАҚЫЛАУҒА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ.
Жиналыс соңында аудан әкімі ауылдық округ әкімі апараттары қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібіне тоқталды.
Атап айтқанда, әрбір әкімнің өзіне тапсырылған округке қатысты жеке жауапкершілікте екендігін айтып, жыл соңында қала және ауылдық округ әкімдерінің рейтінгісі шығарылатындығын, қызметтегі кемшіліктері мен олқылықтары үшін тәртіптік жауапкершілік мәселесі шешілетінін хабарлады және қызметкерлердің еңбек және орындаушылық тәртібіне бақылауды, жетекшілік ететін саласына сәйкес, аудан әкімінің орынбасарлары Қ. Нұралыға, Ж.Қойшыбаевқа және Р. Құдайбергеновке жүктеді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.