МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ҚҰТҚАРУ ШАРАСЫ
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ТАБИҒАТ АДАМҒА АЯНЫШ ЖАСАМАЙДЫ. «МҰЗДЫ АЙМАҚТА» ЖАРАҚАТ АЛУ, АДАМ ӨЛІМІ, МҰЗ АСТЫНА ТҮСІП КЕТКЕНДЕ, ДАЛАДА ҚАЛЫП ҚОЮ, АУЫРУ Т. Б. МҰЗДА ҚАЛУ ЖАҒДАЙЫНДА ӘР АДАМ ӨЗІН ҚҰТҚАРУҒА ДАЙЫН БОЛУЫ ТИІС, ҚҰТҚАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН, АМАН ҚАЛУ ЖОЛДАРЫРЫН, ӨЗІН-ӨЗІ ҚҰТҚАРУ АМАЛДАРЫН ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛУІ ҚАЖЕТ.
Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады. Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздың үстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмаса жүруге болады. Ең қауіпті мұз — көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет. Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады. Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалыпта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек. Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады. Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.
— қатпаған мұз үстіне шықпаңдар;
— мұз үстінде топ болып тұрмау керек;
— мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
— биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
— мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
— мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
— өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер.
Н. ДОСБЕРГЕН,
Темір ауданының № 16 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты.