АРДАГЕР АРДАҚТАЛДЫ

0
60

ШҰБАРШИ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНДА, АСҚАРЛЫ АСУДЫҢ ҰШАР БАСЫНА АЛҚЫНБАЙ ЖЕТКЕН ТЕЛИМОВ АМАНҒАЛИ ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ 63 ЖАСҚА ТОЛЫП, ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒУ КЕШІ ӨТТІ. АҒАМЫЗДЫҢ ӨТКЕН ӨМІР ЖОЛЫНА, МАҢДАЙ ТЕРІ ТӨГІЛГЕН ЕҢБЕК СОҚПАҒЫНА ІШТЕЙ РАЗЫ БОЛМАЙТЫН ЖАН ЖОҚ ШЫҒАР, СІРӘ. ОНЫҢ «АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАСАТЫН» БАЙСАЛДЫЛЫҒЫ, ЖУСАННАН АЛАСА, БЕТЕГЕДЕН БИІК КІШІПЕЙІЛДІЛІГІ, ҚҰЙСА ТОЛМАЙТЫН, ТОЛСА АСПАЙТЫН ПАРАСАТТЫЛЫҒЫ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҒЫ — ҰЛЫ АБАЙ БАБАМЫЗ АЙТҚАНДАЙ, ТАМАША БЕС ҚАСИЕТІ ЖАЙЛЫ КӨП АЙТУҒА БОЛАДЫ.

Шұбарши клуб ұжымы ұйымдастырған тамаша кешті, Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Жақсылықұлы ашып, мерейтоймен құттықтады. Одан кейін ағамызбен, алғаш әріптес болған басшысы А. Жылқайдарқызы, жақсы тілегін жолдап, ақшалай сертификатын тарту етсе, келін-балалары, немерелері жылы лебіздерін білдіріп, Шұбарши клуб ұжымы шапан жауып, «Алғыс хат» тарту етті.
Иә, Аманғали ағамыз клуб үйінде 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге медет қой. Біз де Аманғали ағамызға: «40 жыл отасқан қосағыңыз — Әсем апамызбен бірге, немере-шөберелеріңіздің ортасында, ағайын-туыстың құрметіне бөленіп, еңбегіңіздің зейнетін көріп, жүре беріңіз. Сізге, жапырағын кең жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!» демекпіз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.