ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

0
42

2023 ЖЫЛДЫҢ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ҚОРТЫНДЫСЫНДА АУДАНЫМЫЗДАН 60 ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ ҚАЗАҚ АРМИЯСЫ САПЫНА АТТАНЫП, БҰЛ КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША ТЕМІР АУДАНЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БӨЛІМІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІК ШАРАСЫНА ҚАТЫСЫП, ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б. ҚАЛДЫҒОЖИННІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ.

Шара барысында мерзімді әскерге шақыру жұмыстарын тиімді ұйымдастырушыларды марапаттау рәсімі өтті. Марапатталушылардың қатарында құқық қорғау өкілдерінен Темір ауданы полиция бөлімінің орынбасары Ж. Имашев, учаскелік полициялар УПИ полиция майоры А. Есенғали, УПИ Е.Күншығар, Темір ауданы ПБ ЖПҚБ бастығы, полиция майоры Д.Сұлтанғалиев, ауылдық округ әкімдерінен Кеңестуы ауылдық округінің әкімі Ж. Маясаров, Қайыңды ауылдық округінің әкімі Р.Рашев, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б. Сауытов, Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйншалин, әскери есеп мамандарынан Шұбарқұдық ауылдық округінің өкілдері
Д.Төреғали мен Ә.Қасымова, М.Басеева (Алтықарасу ауылдық округі), Р. Умаров (Жақсымай ауылдық округі), С. Атай (Кеңестуы ауылдық округі), М. Өтеміс (Саркөл ауылдық округі), Қ.Тәңірбергенова (Темір қаласы), А. Исина (Кеңқияқ ауылдық округі), С. Ізімқұл (Тасқопа ауылдық округі), жасақтау тобы бастығы, капитан А. Баженов, инспектор Т. Үмбетов, Р. Балдаирова, А.Тасболатова, әскери есеп маманы Д. Мадремова бар.
Шара соңында аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық қорғаныс істері бөліміне жаңа басшы келген кезден бастап, мекеменің жұмыс сапасының жақсарғанын, облыстан келген тапсырмаларды және жалпы міндеттемелерді орындау көрсеткіштеріне сәйкес, қазіргі таңда Темір ауданы алдыңғы қатарда екенін атап өтіп, Б.Қалдықожинге әскерге шақыру кезінде атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.