«БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ» КЛУБЫ

0
52

ЖУЫҚТА, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ КӨПТЕН КҮТКЕН ТЫҢ ЖОБА — «БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ» ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ КЛУБЫ КАБИНЕТІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ. ЖАҢА ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ БОЛАТ ШАИМОВ ПЕН АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРАЛЫ ҚАЙРАТ, АРНАЙЫ СПИКЕРЛЕР ҚАТЫСЫП, ЖЫЛЫ ЛЕБІЗДЕРІН БІЛДІРДІ. КАБИНЕТТІҢ ЛЕНТАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АҚТӨБЕДЕН АРНАЙЫ КЕЛГЕН ҚОНАҚ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ», «БАТЫР АНА» АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ БИБІГҮЛ ӘБІЛДАЕВА КЕСТі.

Шара барысында Бибігүл Әбілдаева «Әйел — ғажап жаратылыс» тақырыбында әйелдің миссиялық, даналық құпиялары жөнінде кең мазмұнда мағлұматтарымен бөліссе,
ел анасы Шадиева Бибіхан ханым отбасылық құндылықтар туралы, дәрігер Кампит Хайруллақызы әйелдің денсаулығы жөнінде, жеке кәсіпкер Ләззат Төребекқызы кәсіп ашу мен жүргізудің қыр-сырлары бағытында және психолог, садху-терапевт Сарина Жансая әйелдің ішкі жан-күйі бойынша ақпараттар ұсынды.
Шара соңында клуб төрайымы Қымбат Қанкерейқызы, клубтың мақсаты қыз-келіншектерді дамыту және қолдау екендігін жеткізіп, барлық секциялар ағымдағы жылдың 1 ақпанынан жұмысын бастайтынын атап өтті және
клуб кеңесі мүшелері бір-бір әйелден таңдап, өз бағыттарына сәйкес жеңімпаздармен жұмыстанатындықтарын жеткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.