ЖАҢА ҒИМАРАТ ашылды

0
44

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б.ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ПЕН Қ. НҰРАЛЫ, ҚАЛА ӘКІМІ А. ҚОҚАНОВ ЖӘНЕ ТЕМІР ТҰРҒЫНДАРЫ, ҚАЛАДА ЖАҢАДАН БОЙ КӨТЕРГЕН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ. ЖАҢА ҒИМАРАТ ТЕМІР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМІНІҢ КЕҢСЕСІ РЕТІНДЕ САЛЫНҒАН БОЛСА, ОНЫҢ ЖАНЫНАН УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ ДЕ АШЫЛДЫ.

Барлық жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген, жоба құны — 81 249,0 мың теңгені, қуаттылығы — 164 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысын «Техно-С» ЖШС жүргізген.
Аудан әкімі С. Аманбаев, алдымен Темір қалалаық әкімдігі ғимаратының ашылу салтанатына қатысып, қала тұрғындарын қуанышымен құттықтады және осындағы әрбір мемлекеттік қызметкер қаланың өсіп-өркендеуіне өздерінің үлесін қосатынына сенетінін жеткізді.
Бұдан кейін аудан әкімі С. Аманбаев, жаңа ғимараттың жанына қоныстанған учаскелік полиция бөлімшесінің ашылу рәсіміне де қатысып, қала тұрғындарын кезекті қуанышымен құттықтады. Мұнда аудан басшысы, учаскелік полиция бөлімшесі халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып және өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, аумақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сенім білдірді.
Өз кезегінде қала әкімі А. Қоқанов, жаз мезгілінде басталған құрылыс жұмыстарының сапалы аяқталуына ықпал етіп, темірліктерге қос қуаныш сыйлағаны үшін, қала тұрғындарының атынан, аудан әкіміне алғысын жеткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.