ШӘКІРТТЕРІМІЗ БИІКТЕН КӨРІНУДЕ

0
60

ТАЯУДА, «АҚТӨБЕ-ДАРЫН» ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ОЛИМП ШЫҢЫНА ЖЕТЕЛЕУШІ» АТТЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ПЕДАГОГ-ТӘЛІМГЕРЛЕРДІҢ АССОЦИАЦИЯЛАРЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ «ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АССОЦИАЦИЯСЫ» ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗГЕН «ТАЛАНТТАР ШОҚ ЖҰЛДЫЗЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС МУЗЫКАНТТАР БАЙҚАУЫНДА, МЕКТЕБІМІЗДЕН БІРНЕШЕ ШӘКІРТТЕРІМІЗ БЕН АНСАМБЛЬДЕРІМІЗ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ.

Атап айтқанда, байқауда Алдабай Айда мен Борашев Нұрдаулет I-Дәрежелі Дипломды жеңіп алса, Орынбаева Әсем, Өмірзақова Жадыра, Балғазы Баян, Арман Бекнұр және «Еркем-ай» домбырашылар ансамблі ll-Дәрежелі дипломды иеленді. Ал Қыдырбай Еркеназ, Бақтыбай Ләйлә «Гармония» және «Аккорд» баянистер ансаблдері lll-Дәрежелі Дипломмен, сондай-ақ Алтынбай Айке, Орынбай Темірлан, Мағауия Нұрдана, Жолмырза Інжу және «Інжу-маржан» мен «Жас өрен» домбырашылар ансамблі «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мұнда тағы бір атап өтетін жайт — Нұрдәулет Борашев, 11-13 жас аралығындағы оқушылармен баян аспабында ойнау шеберлігі бойынша бақ сынасу кезінде ерекше көзге түсіп, әділ қазылар тарапынан жоғары баға алып, жүлделі І-ші орынды жеңіп алды. Осыған байланысты дарынды шәкіртті, баян аспабында ойнауға баулып, көптеген байқауларға қатыстырып жүрген ұстазы Жангүл Қалиқанова екеуі, облыстық телевидениенің «Қайырлы таң, Ақтөбе!» ақпараттық сазды бағдарламасына арнайы шақырылды. Ұстаз бен шәкірт, аталған бағдарламаның жүргізушілерімен, өздері шұғылданып жүрген өнердің қыр-сырлары мен алдағы жоспарлары туралы көрермендер үшін қызықты да тартымды сұқбат жүргізді.
Жыл өткен сайын шәкірттеріміздің кәсіби жағынан өсе түсіп, облыс пен республика деңгейіндегі шараларда биіктерден жиі көріне бастауы — ұстаздар мен ата-аналар үшін ғана емес , ауданымыз үшін де мақтаныш болмақ.
Тәжібай Ердаулет,
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің
домбыра сыныбының мұғалімі.