ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

0
61

1-2 АҚПАН КҮНДЕРІ ҚЫЗЫЛЖАР ЖОББМ БАЗАСЫНДА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА МАТЕМАТИКА, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ, ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОРЫС ТІЛІ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ, ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ — ІІ-КЕЗЕҢІ ОНЛАЙН ЖӘНЕ ОФЛАЙН ФОРМАТЫНДА ӨТКІЗІЛДІ. ОЛИМПИАДАҒА 5-ШІ СЫНЫПТАР БОЙЫНША 107, 6-ШЫ СЫНЫПТАРДАН 112 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ.

Олимпиаданың аудандық — ІІ-кезеңінің нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І-ші орынды Шұбарқұдық гимназиясынан Нұрбекова Әдемі жеңіп алса, ІІ-ші орынды Теректі МБ Аманжолова Мерей мен Абай ЖОББМ-нен Олжабай Жібек иеленді. Ал ІІІ-ші орын Еңбекші МБ-нан Жантас Ерзада мен Ж.Кереев атындағы ЖОББМ-нен Мәлік Айшаға бұйырды.
Ағылшын тілі пәні бойынша сайыста № 1-ші Шұбарқұдық МГ-нен Мұрат Ибраhим үздік болды. ІІ-орынға Еңбекші МБ-нен Бердіғалиева Ақтілек пен Саркөл ЖОББМ-нен Тлеубай Арафат жайғасты. ІІІ-орынды С. Байшев атындағы ЖОББМ-нен келген Қанат Айдана иеленді.
Жаратылыстану пәні бағытындағы жарыста Кеңестуы НМ-нан Темірхан Кәусар еншілесе, ІІ-орын Еңбекші МБ-ның оқушысы Боранбай Наргиз бен Абай ЖОББМ-нің шәкірті Аманжол Қасымға тиді. ІІІ-ші орынмен Құмсай НМ-нен Бекболат Мансұр қанағаттанды.
Тартысты өткен сайытың бірі математика пәні бойынша сынақ болды. Мұнда Н. Байғанин атындағы МБ-дан Арман Ақнұр үздік шықты. ІІ-орынды Еңбекші МБ-ден Сенбі Арсен иеленді. ІІІ-орынға екі бірдей оқушы — Алтықарасу МБ-дан Ахметов Амандық пен С. Байшев атындағы ЖОББМ-ден Таңжарбай Тахир жайғасты.
Қазақ мектебіндегі орыс тілі пәнінен сайыста І-орынды Қызылжар ЖОББМ-нен Асқар Айару, ІІ-орынды үш оқушы — С.Байшев ат. ЖОББМ-інен Перлепесова Карина, № 4-ші Шұбарқұдық ЖОББМ-нен Кәдір Еркеназ, Шұбарши ЖОББМ-інен Нұрекеш Назерке және ІІІ-орынды Шұбарши МББ-нен Бақтыбаева Арайлым иеленді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша І-орын Қайрат Әлішерге (Ж. Кереев атындағы ЖОББМ) бұйырды.
Қызықты өткен сайстың бірі — Қазақстан тарихы пәні бойынша І-орынды Қопа ЖОББМ-нен Қайыржанова Дидар жеңіп алды. ІІ-орынға Саркөл ЖОББМ-нен Аққу Санжар, Алтықарасу МБ-нен Асылбек Әділхан, Сартоғай НМ-нен Аманкелді Қуандық лайық деп табылды. Ал, ІІІ-орынды С. Байшев ат. ЖОББМ-нен Зейнолла Нұртілеу иеленді.
Сұлушаш ҚАДЫРОВА.