ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ШАҚЫРАДЫ

0
24

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІ АРҚЫЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ЖАСЫ 17-21 АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӘРБIР АЗАМАТТАРҒА ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ӘСКЕРИ-ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АҚЫСЫЗ ОҚУҒА ТҮСІП, БОЛАШАҚТА БІЛІМДІ ОФИЦЕР АТАНЫП, АРМАНЫНА ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ. БҰЛ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ – БАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ӘСКЕРИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙТЫН АРНАУЛЫ ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ӘСКЕРИ БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ ОРЫНДАРЫ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНЕ КӘСІБИ ОФИЦЕРЛЕРІН ДАЙЫНДАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери-оқу орындарында кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша әскери кадрларды дайындайтын әскери оқу орындары:
— Құрлық әскерлерінің әскери институты (Алматы қаласында);
— Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты (Ақтөбе қаласында);
— Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты (Алматы қаласында);
— ҚР ҚМ Ш.Уалиханов атындағы әскери колледжі (Щучинск қаласында).
Бұл оқу орындарында ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бейінді пәннің бірінен кемінде 7 балл және басқа пәннің әрқайсысы үшін кемінде 4 балл, әскери колледжге оқуға түсетіндерді және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызметті өткергендерді қоспағанда) жинаған үміткерлер оқуға түсе алады және оқу тегін. Оқуда да, оқуды бітірген соңғы әскери қызметте де үкімет тарапынан әлеуметтік қамтамасыз етіледі, өтем ақы төленеді, медициналық көмек көрсетіледі, зейнеткерлікке шығуға кепілдік беріледі. Сондай-ақ, Әуе қорғанысы күштері әскери институтында әскери медицина мамандығы бойынша қабылдау жүргізілуде, ол мамандыққа қыздарды да қабылдау ұйымдастырылуда және таңдау пәні химия-биология екенін түлектердің естеріне саламыз. Әскери сала бойынша оқуға барамын деуші түлек үшін, білім және дене даярлығының жоғары көрсеткіші маңызды мәселе болып табылады. Оқуға қабылданарда спорттағы, олимпиадалар мен түрлі жарыстардағы жетістіктері ескеріледі, халықаралық жарыстардың жеңімпазы не жүлдегері болса, тіпті жақсы.
Қазіргі таңда жаңа технологиялар мен ақпараттық жүйелер ғасырында осындай профильдегі әскери мамандарды даярлау қорғаныс жүйелерін дамытуда білекке ғана емес, білімге де сенетін заман. Уақыт өзгерген сайын, заман түрленіп, талап та күшейді. Осы әскери-оқу орындарына қабылданғаннан кейiн, әскери курсанттары шынайы әскер қатарында деп есептеледi және барлық қажеттi күнкөрiс раздықтарымен қамтамасыз етіледі. Әскери-оқу орындарын бітіргеннен кейін «лейтенант» офицерлiк шені, оқу бiтiргенi туралы қалыптасқан үлгiдегi диплом мен кеудеге тағатын белгi берiледi және әскери-оқу орындарының оқуы ақысыз.
Оқуға тілек білдірген үміткерлер, барлық әскери-оқу орнына түсу ережелері мен талаптары туралы Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Шұбарқұдық кентi, Кереев көшесi 22, тел: 2-24-55 мекен жайы бойынша хабарласуына болады.
Р. БАЛДАИРОВА,
Темiр ауданының қорғаныс iстерi
жөнiндегi бөлімінің инспекторы.