ТӘРБИЕ — ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК БАСТАУЫ

0
84

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АҒЫМЫ КЕҢЕЙГЕН ЗАМАНДА ТӘРБИЕНІҢ ДЕ БАҒЫТТАРЫ ЖАҢАРЫП ОТЫРУЫ ЗАҢДЫ ҚҰБЫЛЫС. ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП, ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» БІЗДІҢ БАЛАБАҚШАДА ДА ІСКЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ. БҰЛ РЕТТЕ БІЗДІҢ БАЛАБАҚШАДА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ӘЗІРЛЕГЕН «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» БОЙЫНША, ТҮСІНДІРМЕ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Кез келген өзгеріс не жақсы дүние біреуден мадақ есту үшін емес, алдымен қоғамды өзгерту үшін, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындауы тиіс. Мұны елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болуы мақсатында қолға алуымыз керек. Сондықтан, бұл бағдарлама аясында мектепке дейінгі ұйымдарда не маңызды деген сұраққа тоқталсақ, балабақшада біртұтас тәрбие бағытын жүзеге асыру үшін баланың дербес, өзіндік іс-әрекеттеріне қолдау жасау, оның шексіз мүмкіндіктері мен ойлауына сенім білдіру, баланың кез келген қызығушылық танытқан іс-әрекетін сынап көруіне мүмкіндік беруден басталады. Ол үшін төмендегі міндеттерге назар аудару керек:
— бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;
— балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;
— балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;
— балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады.
Міне осындай біртұтас тәрбие бағыттарын қолдана отырып, тек қана баланы емес, тұтас ұлттық бірегейлікті дамытуға жол саламыз. Біртұтас тәрбие барысында оқыту мен тәрбиенің өзара үйлесімділігі өте маңызды, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс те мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие мазмұны, мерекелік тәрбиелік іс-шаралардың және балабақшадан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Баланы балабақшадан бастап рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – қай кезеңде де өзекті. Біздің келешегіміз – өскелең жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Аягөз ПАНГЕРЕЕВА,
Темір қаласы, «Гаухар»
балабақшасы меңгерушісі.