ШЕБЕРЛІК БАҒАЛАНДЫ

0
101

ЖУЫРДА ЕЛОРДА ТӨРІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҚТА «ҰРШЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІГІНІҢ АШЫЛУЫ АЯСЫНДА, «ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ. АТАЛҒАН ШАРАҒА «ШЕБЕР ТЕМІР» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ ӨКІЛДЕРІ — ҚОЛӨНЕРШІ, ҰСТАЗ ЖАҚЫБАЕВ НҰРЛАН СӘУЛЕБАЙҰЛЫ МЕН ОНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ МОМЫШОВА АРУЖАН, ҚУАНЫШ МАНСУР, ЫҚСАН ӘЛІШЕРҚАТЫСТЫ.

«ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» республикалық көрме-фестивалі өтті. Аталған шараға «Шебер Темір» шығармашылық бірлестігі өкілдері — қолөнерші, ұстаз Жақыбаев Нұрлан Сәулебайұлы мен оның шәкірттері Момышова Аружан, Қуаныш Мансур, Ықсан Әлішер қатысты. Темірліктер шарада теріден жасалған өз бұйымдарын ұсынып, ерекше ықыласқа ие болды. Нәтижеде «Шебер Темір» шығармашылық бірлестігі жеңімпаз атанып, бірлестік мүшелеріне арнайы мүсінше, төсбелгі мен «Алғыс хаттар» табысталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.