АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒЫСЫ

0
63

Аудан әкімі С. Аманбаев 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай тұрғындардың қолайлы жағдайда өмір сүруі, алаңсыз күн кешуі үшін мезгілмен, уақытпен санаспай қызмет ететін түрлі бағыттағы маман иелерін, атап айтқанда аудандық полиция мен төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық емхана ұжымдары мен орталық бу қазандығының ұжымындағы түнгі мезгілде кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің мекен-жайы бойынша құттықтап барды.

Аудан әкімі аталған ұжым өкілдеріне адал еңбектері үшін өзінің алғысын білдіріп, біздің қоғамда олардың жауапкершілігі мол қызметтерінің бағаланатындығын және еңбек адамдарының зор құрметке ие екендіктерін атап өтті.
Аудан басшысы кезекшіліктегі қызметкерлерге мерекелік алғыс хатын және арнайы сый-сияпатын табыстады.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.