ТАСҚЫН АРҚЫЛЫ ТАРАЙТЫН АУРУЛАР

0
71

СУ ТАСҚЫНЫ ҮЙЛЕРДІ, ШАРУАШЫЛЫҚ ФЕРМАЛАРДЫ СУ БАСУЫ МЕН МҮЛІКТЕРДІҢ ЖАРАМСЫЗ БОЛУЫМЕН ҒАНА ҚАУІПТІ ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ҚОЛАЙСЫЗ ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ӨРШУІНЕ ДЕ ӘКЕЛІП СОҚТЫРАДЫ. СУ ТАСҚЫНЫМЕН БІРГЕ ГЕПАТИТТЕР, ТЫРЫСҚАН, ІШ СҮЗЕГІ, ПАРАТИФТЕР, ДИЗЕНТЕРИЯ, ЛЕПТОСПИРОЗ, ТУЛЯРЕМИЯ (АУЫЗ СУДЫҢ КЕМІРГІШ БӨЛІНДІЛЕРМЕН ЛАСТАНУЫ), САЛЬМОНЕЛЛЕЗ, ҚҰРТТАР ТАРАЙДЫ.

Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит А және басқалары басым орын алады. Өзендер мен ұсақ көлдерді су басып, жаңбыр суларымен араласқан кезде еріген су түзіліп, бұл шұңқырлар, шаруашылық аулалары, дәретханалардағы лас қалдықтарды ала келіп, су көздерінің жаппай ластануына әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен қатар, кеміргіштер, көптеген аурулардың қоздырғыштары тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыру қаупін тудыруы мүмкін. Сондықтан су тасқыны кезінде келесі қарапайым және тиімді ережелерді, жеке-жеке атап айтатын болсақ дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау және тамақтану алдында, учаскеде жұмыс істегеннен кейін мүмкіндігінше қолды сабынмен мұқият жуу, ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану, азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау, тамаққа термиялық өңдеуден өткен азы-түлік өнімдерін қолдану,
жеке гигиена ережелерін сақтау, оның ішінде балаларға күтім жасау кезінде, көкіністер мен жемістерді ағынды суда мұқият жуу, қайнаған сумен өңдеу, тұрғын үй жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау, толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды сордырып тұру, ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау, тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау, жер учаскеде жұмыс істеген кезде қолды қорғау құралдарын қолдану, лас қол арқылы инфекция ағзаға түспеуі үшін жұмыс кезінде тамақ ішпеу, темекі шекпеу, тұрғын үйлер мен аула аумақтарын қолғаппен тазалау қажет.
Жедел инфекциялық аурудың белгілері дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі болып табылады. Мұндай жағдай пайда болғанда дереу жергілікті медициналық ұйымға көмекке жүгіну керек.
Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы гигиеналық ережелерді сақтау — Сізді көптеген аурулардан қорғайтынын ескертеді. Төтенше жағдайлар орын алған кезде күнделікті уақытта қарапайым гигеналық қағидаларды, сонымен қатар ұсынысымызды орындасаңыз, Сізді көптеген аурулардан сақтайтынын естен шығармаңыз!
С. З. НҰҒМАНОВА,
Темір аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.