Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

0
25

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен құттықтаймыз және мерекелік іс-шараларға шақырамыз!

22 наурыз күні сағат 11.00-де қаланың 22 алаңында мерекелік шаралар басталады:
1. «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябағы
3. Қалалық мәдениет үйі
4. Есет батыр көшесі және Абай даңғылы қиылысындағы Абай ескерткіші
5. Орталық стадион
6. «Әдебиет алаңы» аллеясы («Нанкомбинат» аялдамасы)
7. Денсаулық саябағы
8. «Керуен сити» сауда ойын- сауық орталығы
9. «Жаңақоныс» тұрғын алабындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі
10. Сазды мәдениет үйі
11. Ақтөбе қаласының әкімдігі
12. Есет батыр тұрғын алабындағы «Дина» супермаркеті
13. «Құрайлы» мәдениет үйі
14. Кеңес Нокин тұрғын алабындағы «Асыл мед» медициналық орталығы
15. «Юнис сити» шағын ауданы
16. Есет батыр тұрғын алабындағы 3,4 шағын ауданы
17. «Ретро саябағы»
18. №26 орта мектебі
19. «Батыс 2» шағын ауданындағы «АСЕ» теннис орталығы
20. «Оңтүстік-Батыс» тұрғын алабындағы №10 орта мектебі
21. «Ақжар – 2» тұрғын алабындағы №70 орта мектебі
22. Гастелло көшесіндегі №5 орта мектебі

Бұл күні осы алаңдарда мерекелік концерттік бағдарламалар, шеберлер мен қолөнершілердің көрмелері, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері, көптеген ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (қазақ күресі, арқан тарту, гір көтеру, асық ату, қошқар көтеру) және тағы басқа шаралар ұсынылады.

Наурыз мейрамы құтты болсын! Бізбен бірге болыңыздар!