Құрметті Темірліктер

0
99

Құрметті Темірліктер!

Темір ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының хаттамасы негізінде Темір ауданы аумағында 2024 жылдың 28 наурызынан бастап жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай жарияланды.

Өздеріңізге мәлім, қар суының көп мөлшерде еруі 25 наурыздан байқалып, 28 наурыз күні Ойыл, Темір, Бабатай өзендері өз арнасынан шығып, Шұбарқұдық, Алтықарасу, Қайыңды, Саркөл ауылдық округтеріне қарасты елдімекендерде тұрғын үйлерді су алды.

Қазіргі таңда су тасқынына қарсы күресте қажетті жұмыстар атқарылуда.

Зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетілетін болады. Барлық тұрғындарды сабырлыққа, үрейге бой алдырмай, бұл кезеңнен ауызбіршілікпен шығуға шақырамын.

Темір ауданының әкімі С.Аманбаев