ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
54

БҰДАН БҰРЫН ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДІК ПЕН “СЛУЖБА ДЕЗИНФЕКЦИИ” МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АРАСЫНДА АУДАНДАҒЫ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ СУ БАСҚАН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫНА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАЛҒАН БОЛАТЫН. БҮГІНДЕ, “СЛУЖБА ДЕЗИНФЕКЦИИ” МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АТАЛҒАН КЕЛІСІМ-ШАРТҚА БАЙЛАНЫСТЫ АУДАН АУМАҒЫНДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ КІРІСІП КЕТТІ. АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ЖУЫҚТА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖӘНЕ КЕҢЕСТУЫ МЕН САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ АУЛАРЫН СУ БАСҚАН ҮЙЛЕРДІ АРАЛАДЫ.

Аудан орталығында аулаларын су басқан 29 тұрғын үй тіркелген. Қазір мұнда “Служба дезинфекции” медициналық мекемесі зарарсыздандыру жұмыстарын қызу алып баруда. С.Аманбаев, аталған мекеменің атқарып жатқан жұмыстарын қарап шыққан соң, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б. Сауытовқа сақтық шараларын сақтай отырып, тиісті талаптарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстарын барлық аулаларда жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Аудан басшысы Кеңестуы ауылдық округіне жұмыс сапары кезінде Шитүбек ауылынадағы ауыз суға арналған кешенді блок модуліндегі, ал Саркөл ауылдық округіндегі Құмсай ауылында су басқан тұрғын үйлердің аулаларына жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарының барысын қарады. Аралау соңында аудан әкімі С.Аманбаев, Кеңестуы ауылдық округінің әкімі Ж. Маясаровқа кешенді блок модульдегі ауыз судың сапасын қатаң бақылауға алуды және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандарын шақырып, су сынамаларын алуын тұрақты түрде ұйымдастыруды және Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйіншалинге сақтық шараларын сақтай отырып, дезинфекция жұмыстарын тиісті талаптарға сәйкес жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Қазіргі таңда ауыз суға арналған кешенді блок модулін залалсыздандыру жұмыстары, Шитүбек ауылынан бөлек, Ақсай ауылдық округіне қарасты Ащысай мен Бірлік ауылдарында да жүргізілген. Жалпы, мұндай жұмыстар аудандағы барлық елдімекендердегі су басқан аулаларда жүзеге асырылатын болады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.