ДЕНСАУЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА
28 СӘУІР КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Н. ТЫМПИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ. КЕЗДЕСУГЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ Б. ІЗБАСОВ ТА ҚАТЫСТЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БИЫЛ АУДАНДА САЛЫНАТЫН ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ – АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫ МЕН АҚСАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАЛҚАЛАНДЫ.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Тымпиев перзентхана мен аудандық орталық аурухананы, Жақсымай ауылдық округінде орналасқан туберкулез ауруханасының ғимаратын, Кеңқияқ ауылдық емханасы мен Саркөл ауылындағы учаскелік дәрігерлік амбулаториясын қарады және емдеу мекемелерінің ұжымымен кездесіп, жұмысшылардың еңбекақысы, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, ғимараттарды жөндеу және басқа да маңызды мәселелер сөз болды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.