СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

0
60

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ КӨКТЕМГІ КЕЗЕҢДЕ МҰҚАН ТАУЫНАН АҚҚАН КӨП МӨЛШЕРДЕГІ ҚАР СУЫНЫҢ ӨЗЕН АРНАСЫМЕН АУЫЛҒА ҚАРАЙ АҒАТЫН ТҰСЫН ҚАРАУ МАҚСАТЫНДА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. ҚАЛМЕНОВ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ ЖӘНЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ Ә. ЖҰМАГЕРЕЙМЕН БІРГЕ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ “ЗАДЕПО” АУМАҒЫН ҚАРАУҒА БАРДЫ. ТАУ ЕТЕГІН АЙНАЛЫП ҚАРАП ШЫҒУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА ҚЫРДАН ТӨМЕН ЕҢІС БОЙЫМЕН КӨКТЕМГІ ЕРІГЕН СУ АҒАТЫН АРНАНЫҢ 5 БАҒЫТЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Бұл арналардың барлығы жылдар бойы көктемгі-күзгі кезеңдегі табиғат құбылыстарымен қалыптасқан. «Мұқан тау» тауынан Шұбарқұдық ауылының қай ойпатта орналасқанын көзбен көруге болады. Биыл көктемде күзгі-қысқы кезеңдерде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты судың ағыны өте көп болды, сондықтан су былтыр салынған шлюздерден асып кетті.
Аумақты тексеру қорытындысы бойынша аудан әкімі бас инспектор Ә. Жұмагерейге, картографиялық кескіндерді жүргізу үшін геологиялық компанияны шақыруды, зерттеу нәтижесін алғаннан кейін ағынды су арнасын бұру және қорғаныс бөгетін нығайту бойынша жер қазу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар енгізуді, аудан орталығына келетін еріген судың көп бөлігін бұру және елдімекенге кіргізбеу басты міндет екенін, бұған дейін болған су тасқынын ескере отырып, ауыл ішінде бірқатар жұмыстарды атқаруды тапсырды және берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау — аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов пен Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б.Сауытовқа жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ