ОБЛЫСТА ҮЗДІК ШЫҚТЫ

0
25

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ӨТЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «РУХАНИ ҚАЗЫНА-2024» ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІНЕН ӨТКЕН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ. АТАЛАҒАН ШАРАНЫ АШЫП БЕРГЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ АЛТЫНАЙ ЮНИСҚЫЗЫ, РУХАНИ ҚАЗЫНА» ДӘСТҮРЛІ ФЕСТИВАЛЬ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАП, АЛДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ САЙЫСТА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ.

Облыстық іріктеу нәтижесі бойынша республикалық кезеңге «Байғанин аудандық мәдениет үйі» — «Үздік аудандық мәдениет үйі», «Темір ауданы, Шұбарши ауылдық клубы» — «Үздік ауылдық мәдениет клубы», Медетова Ләззат Ерпайызқызы — «Үздік қалалық мәдениет үйі қызметкері», Әлия ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Имақов Айдарбек Сұңғатұлы — «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері» аталымдары бойынша жеңімпаз болды.
Жүзден жүйріктердің арасында ауданымыздан Шұбарши ауылдық клубының, облыста үздік шығып, 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болумен бірге, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алуы қуантады. Біз жерлестерімізді жеңісімен құттықтай отырып, Республикалық кезеңде де биіктен көрінуін тілейміз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.