МЕРЕКЕ АТАЛЫП ӨТТІ
6 МАМЫР КҮНІ, ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ,ДАҢЫҚТЫ ӘСКЕРИ ҚОЛБАСШЫ,ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛ- ЛЕЙТЕНАНТЫ,ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖАНСЕН КЕРЕЕВТІҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ГҮЛ ШОҒЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ. ОҒАН АУДАН ӘКІМІ САЛАМАТ ЕРМҰҚАНҰЛЫ АМАНБАЕВ БАСТАП,ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ,КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМ ӨКІЛДЕРІ,АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ,МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫНАСТЫ.
Гүл шоғын қою рәсімінен кейін аудан әкімі С.Ермұқанұлы жиналғандарды 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады.
Осы күні аудан әкімшілігінің үлкен залында Отан қарғаушылар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергенов ауданның мереке қарсаңында атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндап өтті. Аудан әкімі С. Аманбаев қатысушыларды Отан қорғау күнімен құттықтап,бір топ күштік құрылым өкілдері мен азаматтарға мерекелік марапаттар табыстады.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.