БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

0
46

ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ 1 МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН “БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА, СӘЙКЕС “ДОСЖАН ХАЗРЕТ” МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ АУМАҒЫНДАҒЫ БҰЛАҚТЫҢ КӨЗІН АШУҒА ҚАТЫСТЫ.

Аудан әкімімен бірге аудан ақсақалдары және жастар барды Сонымен қатар, аудан әкімі мемориалдық кешеннің ауданның басты туристік орны екенін ескере отырып, келушілерге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету басты міндет екендігін атап өтті.
Сондай-ақ аудан әкімінің бастамасымен аудан жастары Ақсай ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылындағы бітелген бұлақты көзін ашуға барды.
Қазіргі таңда, аталған бұлақтын жан- жағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бұлақтын орналасқан жерін Бірлік ауылының тұрғылықты тұрғыны, ардагер Елубаев Тыныштық ағай көрсетті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.