АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

0
36

3 МАМЫР КҮНІ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ.
МӘЖІЛІСКЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж.ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А. Ж. ИМАШЕВ, МЕКЕМЕ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫ, ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Күн тәртібінде Темір ауданы бойынша елдімекендерде жүргізілетін абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары және тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын қоқыстан тазарту, пайдалану мәселелері туралы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановтың, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовтың баяндамалары тыңдалды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі: аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмұхановқа барлық елдімекендерде абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын уақытылы жүргізуді, қоғамдық жерлерде санитарлық тазалық талаптарының сақталуын қадағалауды,Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстауды, көшелерді жарықтандыруды, экологиялық айлықта белсенділік танытып, Шұбарқұдық кенті көшелерінің және тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізуді, аудандық полиция бөліміне учаскелік инспекторлардың санитарлық тазалықты, қоғамдық рындардағы нысандарды бұзу фактілерін анықтау үшін жұмыстануды тапсырды.
Аудан әкімі аудан орталығындағы нысандардың көктемгі кезеңнен кейінгі жағдайы сын көтермейтіндігін, оның ішінде, спорттық нысандар (корттар, стадиондар), ипподромның қоршаулары, тіреулері, төсемелерінің жай-күйі төмен деңгейде екендігін көрсете отырып жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралыға тұрғындардың қауіпсіз, таза ортада өмір сүруін қамтамасыз етуге жауапты қызмет көрсетуші мекемелердің орындаушылық тәртіп мәселелерін қатаң қадағалауға алу қажеттігін атап өтіп, ауызша ескерту жариялады.
Аудан әкімі аудан әкімі аппаратының басшысы
Қымбатты жерлестер!
Құрметті Отан қорғаушылар!
Ардақты тыл еңбеккерлері!
Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отан қорғау — қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді. Өңірімізде орын алған көктемгі су тасқыны кезінде ауданымыздың ер азаматтары, әсіресе жастар, жұдырықтай жұмылып, бір-біріне қол ұшын созып, тосыннан келген апатқа төтеп бергендіктері, олардың елін, халқын қорғауға қашанда әзір екендіктерін көрсетті.
Жеңіс күні – майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да – осы мерейлі мерекенің жемісі.
Сол бір ел басына күн туған жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін оққа тосқан жерлестеріміздің есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды.
Осындай маңызды мерекелер қарсаңында ұлттық әскеріміздің айбыны артып, Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болуына тілектестік білдіремін!
Дендеріңізге саулық, береке, бірлік және бейбіт өмір тілеймін!
Ризашылық көңілден,
Темір ауданының әкімі АМАНБАЕВ САЛАМАТ ЕРМҰХАНҰЛЫ.
А.Сисеновке көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза бойынша шұғыл түрде ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралыға жүктеді.
Өз тілшіміз