9 МАМЫР— ЖЕҢІС КҮНІ

0
52

БҮГІН, 9 МАМЫР —ЖЕҢІС КҮНІНДЕ АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ “МӘҢГІЛІК АЛАУ” ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ.

Шараға облыстық мәслихат депутаты Б.Ізбасов,ауған соғысы ардагері және еңбек ардагерлері, аудандық мекеме және бөлім басшылары, жастар қатысты.
Шараға жиналғандар Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсетіп, бүгінгі ұрпаққа бақытты өмір сыйлау үшін өмірлерін қиған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі шара қатысушыларын Жеңіс күнімен құттықтап, батыр бабаларымыздың ерлігі ұмытылмайтындығын атап өтті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.