«АКЦИЯ АЯСЫНДА»

0
43

ОСЫ ЖЫЛДЫҢ 6 СӘУІР-6 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ӨТЕТІН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ БОЙЫНША АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР.
6 мамыр мен 13 мамыр күндері «Таза өлке» күні әр мекеме өз аумағы мен аулаларын тазалау жоспарланған болатын. Бұл акцияға жергілікті әкімшілік, мектеп, ФАП, клуб мекемелерінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары өз аулаларын тазалау, әктеу жұмыстарын жүргізді. Барлығы 97 адам, 4 техника жұмылдырып жалпы 6 тонна қоқыс шығарылды.
20 сәуір «Киелі мекен» күні тарихи –мәдени ескерткіштер аумақтарын абаттандыру бойынша Ақсай ауылында орналасқан Нұрпейіс Байғанин атамыздың ескерткіші мен соғыс ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткішті тазалап, әктеу жұмыстары жүргізілді. Шараға ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, 0,8 тонна қоқыс шығарылды.
27 сәуір «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, айналы әктеу жұмыстары жүргізілді. Ақсай ауылдық округі бойынша терек-65 дана, жеміс ағаштары-85 дана, қара ағаш-100 дана отырғызылды. Сонымен қатар бұрын егілген ағаштардың түптерін қопсытып, оларды әктеу жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға еңкейген қариядан бүлдіршін балаларға дейін қатысып, үлкен белсенділік көрсетілді. Мекемелерден бөлек жеке тұрғындар аулаларына отбасыларымен бірге шығып ағаш отырғызып «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп ұрандатты.
4 мамыр «Өнегелі ұрпақ» күні саябақтарды тазалап, жалғызбасты қарттардың аулаларындағы шаруаларына көмек көрсетті. Ақсай ауылына қарасты Шығырлы елді мекенінде орналасқан саябақтың ішін ауыл тұрғындары сынған ағаш бұталаларын шығарып, қоқыстан тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шараға 45 адам, 2 техника тартылып, 1,3 тонна қоқыс шығарылды.
Ал жоғары сынып оқушылары ауылымыздың қарт адамдардың үйіне барып қол жәрдемдерін берді. Бірі ауласын сыпырып, аула шөптерін жұлса, бірі жерін теуіп бау-бақша егуге жер дайындап берді. Үлкен ата-әжелерінен алғысы мен батасын алған балалар ризашылықпен тарасты. «Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады» деген екен Ә.Нұршайықов.
Сонымен қатар 15-24 сәуір аралығында Ақсай, Бірлік Шығырлы, Ащысай ауылдарынан тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Жалпы тазалау жұмыстарына 25 адам, 2 камаз, 1 погрузшик, 2 трактор тартылды.
Темір Газеті