МАҚСАТЫМ — МЫҚТЫ МАМАН БОЛУ

0
44

Баршаңызға сәлем! Менің есімім Рысқали Сабрина Қайратқызы, 11 сынып оқушысымын. Мен “Алтын белгі” үміткерімін.
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Құрметті ұстаздар!
Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз! Біз осы мектепте сіздердің тәлім — тәрбиелеріңізді ала жүріп болашағымыздың іргетасын қаладық.
Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін — армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз.
Менің әрбір пәнге қызығушылығым бірінші сыныптан бері келе келе жатыр. Мен осы жылдар бойы әртүрлі олимпиадаларға қатысқанмын, олар математика, география, ағылшын және қазақ тілінен болған. Жоғары сыныпқа келгенде математика мен географияға қызығушылық танытып, жоғары білімімді “Экономика” бағытында алуды шештім.
Оқу мен тәрбиені қатар ала жүріп, сабақтан тыс мәдени шараларға белсене қатыса білдім.
Сонымен қатар мектептен тыс домбыра, би, мәнерлеп оқу үйірмелеріне де қатыстым. Шығармашылық жағымды да дамытуға күш салдым.
Болашақ оқуымды Логистика маманы ретінде жалғастырғым келеді. Корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізілуін қадағалап отыратын мықты мамандық иесі боламын деген үміттемін.
Жетістіктерім:
“Кенгуру- математика барлығы үшін” халықаралық зияткерлік конкурсында жүлделі 2-орын иегері.
Математика бойынша жалпы білім беретін мектептерге арналған зияткерлік олимпиадаларының 1,2-орын иегері.
“Қызыл аттестат” иегері.
“Ақбота” интелектуалдық марафон жүлделі 1-орын иегері.
Республикалық ақындар сайысының 1-орын иегері.
“Platon” Халықаралық білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен “Үкілім-ай” Халықаралық өнер байқауында көркем сөз жанры бойынша жүлделі 1-орын иегері.
“Жеті өнер” Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсының “Аспапта орындаушылық өнері” номинацисы бойынша БАС ЖҮЛДЕ иегері.
РЫСҚАЛИ САБРИНА ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
11 сынып оқушысы
№ 4 Шұбарқұдық орта мектебі.