“АНАҒА ТАҒЗЫМ” ФОРУМЫ
12 МАМЫР — АНАЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТЕМІР АУДАНЫ ЖАҚСЫМАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АУЫЛДЫҚ КЛУБ ҮЙІНДЕ “АНАҒА ТАҒЗЫМ” АТТЫ АУДАНДЫҚ АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ.
Аталған шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Р.Сеғалина және жергілікті жерлердегі аналар кеңесінің төрайымдарымен, мүшелері қатысты.
Шара барысында аналар кеңесінің атқарылып жатырған жұмыстары, міндеттері, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.
Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралы шара қатысушыларын Аналар күні мерекесімен құттықтап, аналар кеңесі жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Бахытқызы аудандағы аналар мен жалпы әйелдер қауымын қолдау мақсатында атқарылған шаралар мен алға қойылған мақсат-міндеттерімен бөлісті.
Сонымен қатар, шара барысында кимешекті аналар шеруі, қолөнер көрмесі жасақталып, мәдениет үйі өнерпаздарының ұйымдастыруымен шағын мерекелік бағдарлама өтті.
Ауданымыздың белсенді аналарына құрмет көрсетіліп, қоғамдық өмірдегі белсенделіктері үшін аудан әкімі атынан алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпат табысталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.