АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

0
66

МАМЫРДЫҢ 20 — СЫ КҮНІ, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ.
МӘЖІЛІСКЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж.ҚОЙШЫБАЕВ, Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б.САУЫТОВ ЖӘНЕ МЕКЕМЕ, БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Күн тәртібінде, 2023-2024 жылғы оқу жылының аяқталуы және жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы 2024 жылдың І тоқсанында тілдерді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Мәжілісті қорытындылай келе, аудан әкімі және Аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары С.Карабалинаға балалардың белсенді жазғы демалыспен қамтылуын ұйымдастыруды және мониторинг жүргізуді, қауіпсіздік шараларының сақталуына ата-аналарының қатысуын қамтамасыз етуді және Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Ә.Бақытқызына мемлекеттік тілдегі емес көше атауларын тиісті Заңнамаға сәйкес өзгертуді ұйымдастыруға және алға қойған мақсатты көрсеткіштер мен жоспарларды орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралыға жүктелді.