«ЖІГЕР» ӘСКЕРИ- ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ

0
48

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ТЕМІР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН АУДАНДЫҚ «ЖІГЕР» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ.

Аталған сайысқа аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы Е.Ибраймов, аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы М.Қалдығожин, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өсербаев, Ауған соғысы ардагерлер ұйымының аудандық кеңесінің төрағасы Ж.Табылдин қатысты.
Әскери жаттығу түрлері бойынша 6 кезеңнен тұратын сайыста аудан орталығындағы 8 білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары өзара бақ сынасты.
Сонымен қатар, аудан әкімі сайыстың ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, мұндай әскери-патриоттық сайыстардың болашақ Отан қорғаушылар үшін әскери дайындықтың негізін қалыптастыруға, отансүйгіштік қасиетті дамытуға, елжандылықты нығайтуға негіз болатындығын ескере отырып, шараның маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, сайыс соңында жеңімпаздар арнайы кубокпен марапатталып, түрлі сый-сияпаттарға ие болды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.