ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

0
36

ОН БЕСІНШІ МАМЫР КҮНІ, АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ “ШҰБАРҚҰДЫҚ-АҚТӨБЕ” ЖӘНЕ “КЕҢҚИЯҚ-АҚТӨБЕ” БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ.
ЖИНАЛЫСҚА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б.ШАИМОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж.ҚОЙШЫБАЕВ, Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ.НҰРАЛЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Б.САУЫТОВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Жиналыс барысында «Ақтөбе-Шұбарқұдық», «Шұбарқұдық-Ақтөбе» және «Кеңқияқ-Ақтөбе», «Ақтөбе-Кеңқияқ» бағыттарындағы қоғамдық көлік қатынасы бойынша мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін назарға алып, салаға жетекшілік ететін орынбасары Р.Құдайбергеновке және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановқа осы мәселелерді пысықтау бойынша тапсырма берген болатын.
Осыған орай қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес «Ақтөбе-Шұбарқұдық» аралығында жолаушыларды тасмалдайтын қоғамдық көлік қатынасы бойынша конкурс жарияланып, үміткерлер анықталуда.
Сонымен қатар, аудан әкімі:
— Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық автобустардың аялдамасы мен тұрақ орнын анықтауды;
— Аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Д.Сұлтанғалиевке анықталған мердігерге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, жолаушыларды тасымалдау көлігінің техникалық талапқа сәйкес келуін және жүргізушілердің арнайы медициналық бақылаудан өтуін қадағалауды;
— Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановқа «Ақтөбе-Кеңқияқ» бағытына үміткерлерді анықтауды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.