ҚАУІПСІЗДІКТІ ЕСКЕРТУ

0
55

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев, Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралы, аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Ә.Жұмагерей, мекеме, бөлім басшылары және қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде
«Оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде суға шомылу маусымына байланысты өмір қауіпсіздігін сақтау бағытында атқарылатын жұмыстар туралы»:
аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Ә.Жұмагерейдің;
аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі С.Қарабалинаның;
“Темір ауданының мәдени және спорт саласындағы 2024 жылы өткізілетін бұқаралық-көпшілік шаралары туралы” аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Қалмағанбетовтың баяндамалары тыңдалды.
Мәжілісті қорытындылай келе аудан әкімі:
Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Ә.Жұмагерейге жағажай аймақтарына ерекше назар аударып, рұқсат етілген жерлерде патрульдердің шолу жасауын, тыйым салынған жерлерде шомылуға жол бермеуді қадағалауды және Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі С.Қарабалинаға жазғы демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, білім беру мекемелерінде суға шомылу маусымында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.
Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Қалмағанбетовке жазғы уақытта тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарлары Р.Құдайбергенов, Қ.Нұралыға жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.