ОТБАСЫ КҮНІ

0
39

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БАШАЛОВТАР ОТБАСЫН МЕКЕН-ЖАЙЫ БОЙЫНША ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ.

Башаловтар отбасы — жапырағы жайылған, ұл мен қыз тәрбиелеп өсіріп, немере-шөбере сүйіп отырған, ауыл-аймаққа сыйлы, отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген, бірлігі жарасқан өнегелі отбасылардың бірі.
Аудан әкімі Аманбай Қазиұлына ауданның дамуы жолында адал қызмет етер ұрпақ тәрбиелеп, ұлт болашағына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, арнайы сый-сияпатын табыстады.
Өз кезегінде А. Башалов мерейлі мереке қарсаңында арнайы келіп, ілтипат көрсетіп жатқан аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, атқарып жүрген жұмыстарына сәттілік тіледі.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.