КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ЖАҚСАРТЫЛМАҚ

0
58

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БОЙЫНША АУЫЛІШІЛІК МАРШРУТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ.

Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ә.Сапа және Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытов қатысты.
Тұрғындардың аудан орталығы бойынша жолаушылар тасымалы қозғалысын қайта бастауға қатысты өтініштері назарға алынып, аудан әкімінің тапсырмасымен жоба әзірленген болатын.
Аудан әкімі берілген тапсырма бойынша қабылданған шаралар жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ә.Сапа мен Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Б.Сауытовты тыңдады.
Сондай-ақ, жоба мердігері ЖШС “Аққұдық-Сервис” өкілі А.Мұқаш маршруттық қозғалыстың ағымдағы жылдың 1 маусымынан басталатындығын хабарлады.
Жиналыс соныңда аудан әкімі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ә.Сапаға ауылішілік маршрут қозғалысын барлық заңнамаға және жолаушылар қауіпсіздігіне сәйкес рәсімдеу мәселелерін келісуді, жолаушылар айналымына зерделеу жүргізіп, тиісті ұсыныстар ұсынуды және бір ай мерзімдегі жұмыс барысы кезіндегі ерекшеліктерді ескере отырып шешім қабылдау үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесінде бір айдың қорытындысы бойынша жиналыс ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа ауылішілік маршрут қозғалысының бастау алатынын әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға хабардар етуді және маршрут қозғалысының бағытын аудандық полиция бөлімімен келісуді тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаевқа жүктелді.
ТЕМІР АҚПАРАТ