БАҚЫТТЫ БАЛА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

0
50

1 МАУСЫМ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ. ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА БАЛАЛАРҒА АРНАЛЫП ӘРТҮРЛІ ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ШАРАЛАР, КОНЦЕРТТІК, СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР, САУДА-САТТЫҚ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БАЛАЛАРҒА “ӘЖЕДЕН САРҚЫТ” ТАРАТЫЛДЫ

Концерттік бағдарлама барысында аудан әкімі Венгрия мемлекетінде өткен “Гергели Борнемиссаны еске алуға арналған 73-ші халықаралық турнирде” жасөспірім спортшы, Темір балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, Шұбарқұдық гимназиясының 9 сынып оқушысы Төлеуғалиев Дәулет Қанатұлына ауданның ғана емес тұтас қазақ елінің намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдіріп, қаржылай сертификат табыстады.
Аудан әкімі жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекемен балалар мен олардың ата-аналарын құттықтап, ел ертеңінің негізі білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде екендігін атап өтті.