БАР МЕЙІРІМ БАЛАЛАРҒА

0
38

ОСЫ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ 1 МАУСЫМ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАП ҰЙЫМДАСТЫРҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ.

Аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимов, аудандық білім бөлімінің басшысы А. Өсербаев, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аудан әкімі балаларды мерекемен құттықтай отырып, әр балаға көңіл бөлу — мемлекеттің алға қойған басты бағыттарының бірі екендігін атап өтт
Сонымен қатар, аудан әкімі шара өткен “Minion park” балалар ойын-сауық орталығының жұмыс барысын қарады. Аудан басшысы балалардың бос уақытын заманауи жағдайда үйлестіруге қолайлы жағдай жасап отырған орталық жұмысымен танысып, жас кәсіпкер А.Нұржанға жаңа бастамасы арқылы аудан тұрғындарына, соның ішінде, көп балалы отбасылар мен ерекше балаларға көрсетілетін жеңілдіктері үшін ризашылығын білдірді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.