ҚҰМСАЙДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС
АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ Қ.УРАЗАЛИН, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б.БАҚТЫҒАЛИЕВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ЖӘНЕ САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ М.ШҮЙІНШАЛИНПЕН БІРГЕ, СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІ ЖАРАМСЫЗ КҮЙГЕ ҰШЫРАҒАН ҚҰМСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢАДАН АРНАЛЫП САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ОРНЫНА БАРДЫ.
Құрылыс орындарын аралау барысында мердігер «Taf company» және «МұғалжарСтрой» ЖШС өкілдері тұрғын үйлер құрылысы барысы жөнінде баяндады. Қарау соңында аталған мердігер компания өкілдері жұмыстың сапасы мен нысандарды пайдалануға беру мерзіміне ерекше назар аударғандығын атап өтті және аудан басшысы, М. Шүйіншалинге құрылыс компаниялары өкілдеріне ұйымдастыру мәселелері бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.