АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

0
40

БҮГІНДЕ КЕҢҚИЯҚ АУЫЛЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАТЫН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛУДА. КӨШЕЛЕР ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРГЕН. МӘСЕЛЕН, БІР ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІ 14 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛІП, 17 КӨШЕГЕ 247 ШАМ ОРНАТЫЛДЫ. АТАП АЙТҚАНДА ҚАЗІР ҚҰРМАНҒАЗЫ, СМАҒҰЛОВ, БАЛУАНОВ, АЛТЫНСАРИН, «ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНА 100 ЖЫЛ», А. ҚҰНАНБАЕВ, Қ.БАЛУАНОВ, СӘҢКІБАЙ АТА, МҰНАЙШЫЛАР, Ә. МОЛДАҒҰЛОВА, Н.БАЙҒАНИН, Қ.САҒЫРБАЙҰЛЫ, «ПАРК», «КОРПУС» КӨШЕЛЕРІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ. «DEN-GROUP» ЖШС САЛЫП ЖАТҚАН ЖОЛДАР 13 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚТАЙДЫ. МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТАҒЫ 4 КӨШЕГЕ ЖОЛ ТӨСЕЙДІ. БАРЛЫҚ ТАСЖОЛҒА ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ, ЖАСАНДЫ КЕДЕРГІЛЕР САЛЫНЫП, ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ БЕЛГІЛЕРІ ҚОЙЫЛАДЫ, АЛ 15 АРНАЙЫ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫН ОРНАТУ — ЖОЛШЫЛАР МІНДЕТІНЕ КІРЕДІ.

Биыл көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларын жарықтандыру жалғаса бермек.
Кеңқияқ әкімі Қуанышбек Серікжановтің мәліметінше, «Сазды-2» ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілсе, «Сазды-3» ауданына инфрақұрылым тарту жұмыстары жалғасады. Бұдан бөлек, спорттық-сауықтыру кешенін қайта жөндеу басталады. Және ауған соғысы ардагерлеріне арналған сквер салынады. Тұрғындар көптен күткен «Ақтөбе-Кеңкияқ-Ақтөбе» бағытындағы автобустар жақын күндері іске қосылады. 50 орындық комфортты автобустар жолаушыларға қызмет көрсетеді деп күтілуде.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.