РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

0
31

4 МАУСЫМ КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН БІР УАҚЫТТА МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНДІ ОРЫНДАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ. ШАРАҒА, АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ, ЖАСТАР, КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ДЕ ҚАТЫСТЫ.

Шара барысында аудан әкімі тұрғындарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, елдіктің нышаны саналатын рәміздерге құрмет қашанда жоғары болатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, тутұғырға Мемлекеттік Ту көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Салиманов жерлестерін айтулы мерекемен құттықтай отырып, Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге, жастар арасындағы патриотизм мен отансүйгіштікті дамытуға, нығайтуға шақырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.