«МЫҚТЫ ӘЙЕЛ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ»
ЖУЫҚТА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ М. ҚОРҒАНБАЕВА, «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АГРАРЛЫҚ ОДАҒЫ» ҚБ БАСШЫСЫ, КОМИССИЯ МҮШЕСІ Е. ШУКИРОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ, КОМИССИЯ МҮШЕСІ А. БАЙДУЛЛИНА ЖӘНЕ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, КОМИССИЯ МҮШЕСІ ГҮЛНАР ОРЫНБАСАРҚЫЗЫН ҚАБЫЛДАДЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА АТАЛҒАН КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ҚОЛДАУ, ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЛУЫ, КӘСІП АШУҒА НИЕТТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ КЕҢЕС БЕРУ, ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР Т. С. С. МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АҚПАРАТ БӨЛІСУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗУ ҮШІН КЕЛГЕНДІКТЕРІН ЖЕТКІЗДІ.
Қабылдау кезінде аудан әкімі, өңірдің 48 %-ын әйелдер құрайтындығын, әрбір әйелдің қоғамда алатын рөлінің ерекше екендігін атап өтті және алдағы жоспарланған семинарға сәттілік тілей отырып, темірлік әйелдерді назардан тыс қалдырмай, қолдау жолындағы еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, «Алғыс хат» табыстады.
Осы күні жоғарыда аталған облыстық комиссия мүшелерінің және аудандық комиссияның ұйымдастыруымен «Мықты әйел – мықты мемлекет тірегі» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарға облыстық және аудандық комиссия мүшелерімен бірге, аудандағы әртүрлі санаттағы әйелдер қатысты. Шара барысында гендерлік теңдік, адам құқықтарының қорғалуы, құқықтық сауаттылық, кәсіп ашу мүмкіндіктері мен жобалар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды бағалауды күшейту мәселелері талқыланып, әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және оларға жұмыс барысында қолдау көрсету тақырыбында ашық пікір алмасу жүргізілді. Сондай-ақ облыстық комисссия мүшелері аудандық комиссияның атқарған жұмысымен танысып, пікір алмасты және семинар соңында жеке қабылдау жүргізді.
Сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан орталығындағы «Белсенді өмір сүру орталығы», «Mersi» сұлулық студиосы, «Шалқыма» би орталығы, «Shubar buket» гүл орталығы нысандарын аралап, кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты.
Облыстық комиссия мүшелерінің ауданымызға жасаған іс сапары кезінде танымдық шара ұйымдастырып, маңызды ақпараттармен бөліскен спикерлерге, аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралы, ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.