БӨГЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
ОСЫҒАН ДЕЙІН САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ ҚОПА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ — САПАЛЫ БӨГЕТ ТҰРҒЫЗУ ЕКЕНДІГІН АЛҒА ТАРТҚАН ЕДІ. БҮГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНЫП, ТЕМІР ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНАН БӨГЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ. СЕЛ ЖӘНЕ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІНЕН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОРҒАНЫС БӨГЕТІ ЖОБАСЫНЫҢ БАС МЕРДІГЕРІ – «LIDER INVEST GROUP» ЖШС. ЖОБА ҚҰНЫ — 255 788, 2 МЫҢ ТЕҢГЕ.
Таяуда аудан әкімі С. Аманбаев, облыстық табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының басшысы С. Дүйсекенов, аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергенов және Саркөл ауылдық округінің әкімі М. Шүйіншалин және жекелеген жергілікті тұрғындар өкілдерімен бірге, құрылыстың барысын қарады және М.Шүйіншалинге мердігерлерге ұйымдастыру мәселелерін (құрылысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және т. б.) шешуге жан-жақты көмек көрсетуді, орынбасары Р.Құдайбергеновке құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне ерекше назар аудара отырып, мерзімді негізде мониторинг жүргізуді тапсырды.
Бегеттің жөндеу жұмыстараны биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деген жоспар бар. Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов мәлімдеді.
— Бүгінде Қопа елдімекенінде 42 түтін, 250-ден астам тұрғын бар. Су тасқыны кезінде мұнда бірде-бір үйді су басқан жоқ. Десек те, бөгет күрделі жөндеуді қажет етеді. Құрылыс жұмыстары басталды, оған тартылған жұмысшылар мен техникалар саны жеткілікті. Мердігер компанияның 20-дан астам — 2 жүк тиегіш, 1 экскаватор, 2 жол тегістейтін және т. б. барлық қажетті техника бар, — деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов.
Қопа ауылының тұрғындары да құрылысы басталған бөгеттің ауыл үшін маңызды екенін алға тартты.
— Биыл, наурыз айының аяғында ауылымызға су қатты келіп, біраз үрей туғызды. Судың бетін қайтардық. Енді міне қайтадан жаңа үлкен қорғаныс бөгеті салынып, Үкіметтен, облыс, аудан тарапынан қолдауға ие болып жатыр. Осының бәрі халықтың игілігіне пайдаланып, жақсы жұмыс атқарылады деп ойлаймыз. Болашақта осы су тасқынына қарсы бұдан да үлкен шаралар жүре берсе, бөгеттер жөнделе берсе, бұрынғы қалпымызға келіп, бәрі жақсы болады деп сенеміз, — дейді Қопа ауылының тұрғыны Асхат Кереев.
ӨЗ ТІЛІШІМІЗ.