«ШЕБЕР-ТЕМІР» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ — АСТАНАДА

0
62

АУДАНЫМЫЗДАҒЫ «ШЕБЕР-ТЕМІР» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС МАУСЫМЫ КЕЗІНДЕ ДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ТЕК АУДАН МЕН ОБЛЫС КӨЛЕМІНЕ ҒАНА ЕМЕС, РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУДА. МӘСЕЛЕН, 27-29 МАУСЫМ КҮНДЕРІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ МҮШЕЛЕРІ, ОҚУШЫЛАР ЫҚСАН ӘЛІШЕР, ҚУАНЫШ МАНСҰР, ДҮЙСЕНБАЙ ӘДІЛБЕК ЖӘНЕ ИЗАҒАЛИ НҰРАЛЫ, МҰҒАЛІМДЕР ДӘМЕТКЕН ДӘКЕСОВА МЕН АҚГҮЛ МӘМБЕТОВАНЫҢ ЖЕКЕШІЛІГІМЕН АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ МӘДЕНИ ТАНЫМДЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ.

Оның біріншісі — «Қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне бүгінгі ұрпақтың көзқарасы мен меңгеруі» атты тақырыпта «Казмедия» орталығындағы «Балапан» телестудиясының «Дара бала» бағдарламасында өтсе, екіншісі — Л. Н. Гумилёв атындағы ұлттық университеттің ректоры және «Ұршық» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бибігүл Карденованың бастамасымен, аталған жоғарғы оқу орны базасында, қолөнер көрмесі форматында ұйымдастырылды. Көрмені көрсету қызметі өте жоғары дәрежеде болды.
Нұрлан ЖАҚЫБАЕВ.