АУДАНЫМЫЗДА дүбірлі жарыс өтті

0
54

ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 29 МАУСЫМЫ МЕН 2 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА АУДАНЫМЫЗДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕРКІН КҮРЕСТЕН 17 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ (U 17) АУЫЛДЫҚ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КУБОГЫНЫҢ ТУРНИРІ ӨТТІ. ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА АУДАН ӘКІМІ С. Е. АМАНБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «ГРЕК-РИМ, ЕРКІН КҮРЕС ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ Д.Е.ЖАБАСОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЕРКІН ЖҰМАҒАЗИЕВ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІРНЕШЕ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ, ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНІҢ МЕМЛЕКТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ АЙЫМ ӘБДІЛДИНА, МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ, ЕРКІН КҮРЕС БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СПОРТ ШЕБЕРІ ДАСТАН ҚАНАТХАНОВ ЖӘНЕ СПОРТСҮЙЕР АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Дүбірлі додаға елімізідің түкпір-түкпірінен 12 команда, 200-ге жуық палуандар қатысып, боз кілемде 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынасты. Жүлде қоры әрбір салмақ дәрежесіндегі жекелей сайыста бірінші орын алған спортшыға 50 мың теңге, екінші орынды иеленген палуанға 30 мың теңге, үшінші орынға жайғасқан екі спортшыға 15 мың теңгеден 30 мың теңге болып белгіленді.
Шараның ашылу салтанатынада сөз сөйлеген аудан әкімі С.Аманбаев, ауданда спорт саласын өркендету, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлу керектігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бірнеше күнге созылған тартысты да қызықты өткен бұл спорт сайысында командалық есепте Түркістан облысы

палуандары бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Ақтөбе облысының спортшыларының еншісіне бұйырды. Ал үшінші орынды Атырау облысынан келген палуандар иеленді.
Ақтөбе облысының командасы жүлделі екінші орынға қол жеткізуіне 45 келі салмақта күресіп, бірінші орынды жеңіп алған Темір ауданының өкілдері Дайрабай Берекет пен 51 келі салмақта күш сынасып, үшінші орын алған Хамит Әбдікерім, Байғанин ауданынан келіп, 51 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға көтерілген Аманғали Әділет және 55 келілік салмақ бойынша күресіп, үшінші орынды қанағат тұтқан қандағаштық Самат Саят ерекше үлес қосты.
Сондай-ақ жарыс соңында Д. Е. Жабасов, Олимпиада жүлдегері, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты, Қазақсатан Республикасы «Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі» Федарациясының Президенті Д. Б. Тұрлыхановтың атынан, жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаевты, Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшы Әділет Қалмағанбетовты және спорт мектебінің директоры Руслан Кенжеғалиевті «Алғыс хатпен» марапаттады.
Ауданымызда ұйымдастырылған бұл жарыс,өңірмізде спорт саласына кең көлемде ерекше көңіл бөлініп отырғандығын, соған байланысты жергілікті жерде дарынды спортшылардың өсіп келе жатқанын, олардан жақын болашақта республиканың, Азиия мен Әлемнің, Олимпиаданың жеңімпаздары шығатынын көрсетті.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.