АЛТЫҚАРАСУЛЫҚТАР Қазақауылға келді

0
28

БИЫЛҒЫ ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА, БҰРЫН ӘРБІР ЖЫЛЫ АУДАНЫМЫЗДАҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ЖҮРГЕН «АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ» МЕРЕКЕСІ, БИЫЛҒЫ ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА ЖАҢА ФОРМАТТА ӨКІЗІЛІП ЖАТҚАНЫ ЖАЛПЫ ЖҰРТҚА АЯН. МҰНДА АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНІҢ АЙМАҚТАРЫ 9 АУЫЛДЫҚ ӘКІМШІЛІК ОКРУГКЕ БЕКІТІЛІП, СӘЙКЕСІНШЕ ӘРБІР АПТА САЙЫН ӘР АЙМАҚТА КӨШЕ МЕРЕКЕЛЕРІ
АЯСЫНДА, ҚОҒАМДЫҚ-МӘДЕНИ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА. БҰЛ ТЫҢ ЖОБАНЫ БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ 3 ШІЛДЕ КҮНІ Н. БАЙҒАНИН КӨШЕСІНДЕ АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БАСТАП БЕРГЕН ЕДІ. КЕЗЕКТЕГІ МҰНДАЙ ТЫҢ ЖОБАНЫ 11 ШІЛДЕ КҮНІ АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖАЛҒАСТЫРЫП, ҚАЗАҚАУЫЛ АЙМАҒЫНДА ӨТКІЗДІ.

Өзінің құттықтау сөзінде әрбір көшенің тұрғындары ауызбіршілікте, кент келбетін тазалықта ұстап, өзара ұйымдасып өмір сүру керектігін атап өткен аудан әкімі С. Аманбаев, аймақтың ең кіші тұрғынына көрімдік-сый ұсынса, Алтықарасу өңірінің еңбек ардагері С. Боранқұлов Қазақ ауыл аймағының батагөй ақсақалына шапан жапты. Шара барысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Алтықарасу ауылдық округінің өнімдері» жәрмеңкесі, «Қолөнер – сырлы өнер» шеберлік сағаты, «Спорт – денсаулық кепілі» атты балаларға арналған спорттық ойындар (асық ату, гір көтеру, арқан тартыс т. б.), «Ауылым – бақыт, байлығы» деп аталған Алтықарасу ауылдық округі туралы кітап және ұлттық бұйымдар көрмесі, «Ауыл кеші көңілді» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның соңы би кешіне ұласып, аймақ
тұрғындары көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.