АУДАН АРАЛЫҚ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

0
27

11 ШІЛДЕ КҮНІ ТЕМІР АУДАНЫ, ТЕМІР ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІНДЕ ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІНІҢ, СОНДАЙ-АҚ, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМШЕЛЕРІ ЖОҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС МҰҒАЛЖАР, ТЕМІР ЖӘНЕ БАЙҒАНИН АУДАНДАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығуға мемлекеттік өртке қарсы қызметтерден бөлек, ауылдық округ әкімдіктерімен құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтары, Темір орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен күш-құралдары қатысты. Жаттығу барысында ауданаралық өзара іс-қимыл жасауды есепке ала отырып, күрделілігі түрлі санаттағы орман және дала өрттерін сөндіру кезінде қызметтердің өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру мәселесі бойынша практикалық жаттығу жүргізіліп, іс-әрекеттер пысықталды. Шара қорытындысында дала өрттерін жылдам ауыздықтау мақсатында бірлесе әрекет ету, хабарламалар алмасу және күш-құралдарды дер кезінде жұмылдыру, көршілес аудандарға көмек көрсету туралы мәселелер талқыланды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.