МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

0
29

Семинар барысында «Ұлттық бұрыш» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына ұлттық құндылықтарды насихаттаушы ұстаз Жидеш Табылдинаға кабинет лентасын кесу табысталды. Семинарда өз іс-тәжірбиесімен бөліскен Темір аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ақбота Казмухановаға және Шұбарши ауылдық клубының маманы Лаззат Назароваға, Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Әсемгүл Төрешоваға және Саркөл ауылдық клубының мәдени шара ұйымдастырушылары Марат Айымға, Аяжан Мұханғалиеваға мен Эльвира Айымбетоваға жиналғандар дән риза болып, алғыс айтты.