АУДАНҒА ТҮСІРІЛІМ ТОБЫ ЭКПЕДИЦИЯСЫ КЕЛДІ

0
44

ЖУЫҚТА ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА РУХАНИ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕР ДОСЖАН ҚАШАҚҰЛЫ, НҰРЛЕПЕС КҮМІСБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ АРЫЗМАҒАМБЕТ ИШАН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР ЖИНАҚТАУ, ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРУ ЖӘНЕ ЭКСПЕДИЦИЯ БАРЫСЫНДА ЖИНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕП, ОБЛЫСТАҒЫ МУЗЕЙЛЕРДЕ АРНАЙЫ ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ БҰРЫШТАР АШУ МАҚСАТЫНДА АУДАНЫМЫЗҒА АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «РУХАНИЯТ» ТАНЫМДЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Ж. АБДУЛЛИНА ЖӘНЕ «ТҰРАН ТВ» АРНАСЫНЫҢ ТҮСІРІЛІМ ТОБЫ ЭКПЕДИЦИЯСЫ КЕЛДІ.

Алдымен экспедиция мүшелері Шұбарқұдық ауылдық округінің аумағында орналасқан «Досжан Хазірет» мемориалдық кешенінде түсірілім жұмыстарын жасап, ауыл ардагері Меңдіхан Әділханұлымен Досжан Хазірет туралы сұқбат жүргізді. Кейін экспедициялық топ Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Сартоғай елді мекеніне барып, осында орналасқан «Нұрлепес ата» мазар-бейітінің аумағында түсірілім жұмыстарын жасап, әулиенің ұрпақтарымен жүздесті.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.