КӨГАЛДАНДЫРУ ТАСАДА ҚАЛМАЙДЫ

0
57

АУДАНЫМЫЗДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА 2020 ЖЫЛЫ «ЗАДЕПО» АУМАҒЫНДАҒЫ «ДОСЖАН ХАЗІРЕТ» ТАС ЖОЛЫ ЖӘНЕ 2021 ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛЖАР МӨЛТЕК АУДАНЫНДАҒЫ АСТАНА КӨШЕСІ БОЙЫНА ТАЛ КӨШЕТТЕРІНОТЫРҒЫЗУ ҮШІН «ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ТАРАПЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК КОНКУРС ӨТКІЗГЕН БОЛАТЫН. НӘТИЖЕДЕ ТАЛ ОТЫРҒЫЗУ ЖОБАСЫНЫҢ БАС МЕРДІГЕРІ
— «ТЕМІР ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ» КММ-СІ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНІП, БҮГІНДЕ АТАЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ҚАРАСТЫ 22,5 ГЕКТАР АУМАҚҚА ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ.

Таяуда аудан әкімі С. Аманбаев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмұхановпен және Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б. Сауытовпен бірге, аудан орталығын аралау кезінде «Задепо» аумағының «Досжан Хазірет» тас жолы және Қызылжар мөлтек ауданының Астана көшесі бойына тал көшеттерін отырғызу жұмыстарымен танысты. Отырғызылған көшеттерді
аралау кезінде Б. Сауытов, аудан тал көшеттерінің күтімі жөнінде, ал А. Құлмұханов, жалпы қала мен ауылдық округтер аумағындағы көгалдандыру жұмыстарының барысын баяндады. Тексеру барысында мал жаю үшін тұрғындар қоршауларды бұзған жағдайлар орын алғандығы анықталды. Сондықтан, аудан әкімі С. Аманбаев, А. Құлмұхановқа елді мекендерді көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды және округ әкімі Б. Сауытовқа көшеттердің күтімін бақылауға алуды күшейтуді, қоршаудың бұзылған тұстарын жөндеп, тал көшеттерін тұрақты
түрде суару, жергілікті полиция бөлімімен бірлесе отырып, қоршалған жерлерге арнайы рейдтер ұйымдастырып, мал жайылу дерегін анықтауды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.