ЖАҢА ҚОНЫСПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
36

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ЕҢБЕКШІЛІК ОРАЛБАЕВТАР ОТБАСЫ, АЛТЫҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН «АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ» АТТЫ КӨШЕ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ АЛҒАН БОЛАТЫН. ЖУЫҚТА, АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, ОРАЛБАЕВТАРДЫ ЖАҢА МЕКЕН ЖАЙЫНА БАРЫП, ҚОНЫС ЖАЙЛЫ БОЛСЫН АЙТТЫ.

Жаңа қоныс иесін құттықтау үшін аудан әкімімен бірге, аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұралы мен Алтықарасу ауылдық округі әкімі Ә. Боранқұлов та барды. Аудан басшысы жаңа қоныс иелеріне көктемгі су тасқыны кезінде сабырлық пен төзімділік танытқандықтары үшін ризашылығын білдіріп, жаңа шаңырақтарына береке, бірлік тілеп, өзінің арнайы сый-сияпатын табыстады. Өз кезегінде жаңа тұрғын үй иесі Қ. Оралбаева апат кезінде мемлекет
тарапынан көрсетілген қолдау үшін аудан әкіміне және құттықтап келген жерлестері алтықарасулықтарға алғысын білдірді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.