ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
43

АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ. МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫНА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Мәжілістің күн тәртібінде «2024-2025 жылдарға арналған қысқы жылыту маусымына дайындықтың барысы мен жол құрылысы және проблемалық мәселелер» бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмұхановтың, «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы С.Дүйсеновтың, адандық білім бөлімінің басшысы А. Өсербаевтың,
аудандық мәдениет, денешыңықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Т. Аймұханованың, аудандық аурухананың бас дәрігері С.Жанахметовтың, «Дала өртіне дайындықтың барысы туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының м. а. Е.Кенжеғұловтың баяндамалары тыңдалды.
Мәжіліс соныңда аудан әкімі С. Аманбаев, А.Құлмұхановқа алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес уақытылы әрі сапалы болуын бақылауда ұстауды, жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз етуді, С. Дүйсеновке жылу желілерінің жай-күйіне техникалық тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді, 2024 жылғы 15 қазанға дейін барлық коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала нысандарын, тұрғын үйлерді дайындауды аяқтау және барлық автономды жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз етуді, округ әкімдігімен бірлесе отырып көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін күтіп ұстау бойынша кондаминимум құруды ұйымдастыруды тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.